meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.02.2022
  138


Автор: Құл-Керім Елемес

РАС

Өтіріктер өлеңге айналып шын сияқтанды.
Жазықтар белеңге айналып шың сияқтанды.
Ал шыңдаршы?
Шыңдар – өтіріктердің көзімен құм сияқтанды.
Сосын қайта Шың шыңданды.
Шын шынданды.
Құм құмданды.
Ақиқат сәл сынған-ды...
Қайта құнданды!
Шүкір!





Пікір жазу