11.02.2022
127
ИНШАЛЛАҺ
Қырық кітап шығарып,
Қырық шумақ Хаққа арнап,
Жаза алмаған бұ ғарып,
Қалай Мақшарда ақталмақ?!
Шайтан салса бұғалық,
Хаққа иман дақталмақ.
Хақсыз қалып бұ қалып,
Хақсыздықтан сақта,
Аллаһ?!
Тыныс сайын дұға ғып,
Кетпес тілеп бастан бақ,
Жетсең ғана,
Раббы
Тік көтермек аспанға!..
Сонда ғана шырағың,
Жанып мәңгіге ұласпақ.
Мәңгі емес мына күн,
Өтпе өміріңді ыластап...
Қырық кітапсыз-ақ та,
Қырық өлең Хаққа арнап,
Жазған кірмек Жұмаққа,
Бас-аяғын бақ қармап!
Иншаллаһ!
2007.2.8