11.02.2022
123
НАУ ЫРЫСТА
Тыныштыққа әсем ұйып қыр,
Аллаһтың нұры құйып тұр.
Аллаһқа құлдық етейік,
Сәждеге маңдай тиіп бір!
Құшағын дала жимасын,
Кеудеге мейірім сыймасын.
Жүректерге Аллаһ хақ беріп,
Игілік, иман сыйласын?!
Сабырды әбден тауысқан,
Сағынышпенен қауышқан,
Әр күні Хақтың жаңа өмір,
Ертеңмен орын ауысқан.
Ел болып қалдық есейіп,
Ендеше шүкір етейік.
Рахымымен Рахманның,
Жарыққа самғап өтейік!
Жалғандықтарға құл етпей,
Жанымыз толы гүл еткей?
Алымызды* ашып жабылған,
Иманымызды, Аллаһ, түлеткей?!
Әмин!
*Ал – көкірек