11.02.2022
  112


Автор: Құл-Керім Елемес

ТІКСІНУ

Жер – анаға ақ маңдай,
Өріп шықты бар қастық.
Алтынбекті атқандай,
Саддам ерді дарға астық.
Абыл,
Қабыл кезінен,
Ақылдыға надан жау.
Дүниенің көзінен,
Байқалады алаңдау...
Құдайсыздар зайырлы,
Қоғам құрып қараңғы,
Жұртты Хақтан айырды,
Әспеттетіп харамды...
Хақ әмірінде отырып,
Хақты білмеу болды өлім.
 Өркен жайып өтірік,
Суалды иман – көлдерім...
Жан мен тәнді бұзар у,
Қыршынды сол қиятын.
Ел – анасы қыз-ару,
Жаппас болды ұятын...
Өтірікші «данышпан»,
Шыншыл «жалғаншы» атанды.
Халық жеріп намыстан,
Қалықтатты қате әнді...
Әй-й!
2007.1.18





Пікір жазу