10.02.2022
207
ТАРИХ...
Бекер, босқа налисың.
Налыма, ісін қыл ердің!
Адамзаттың тарихын,
Хақтан басқа білер кім?
Күн айтуға ділгірлеу,
Айта алмайды ол дұрысы.
Білмейтінді білдірмеу,
Құдіреттің бір ісі...
Екіленбе, анық ол –
Адам – атаң, Хауа – анаң!
Хақ – Иеңді таны, бол,
Танығанға жауады «ән»...
Ісін қылма наданның,
Бос қиялды қармап құр.
Саф тарихы адамның,
Әз Құранда сарнап тұр...
2007.1.21