10.02.2022
  195


Автор: Құл-Керім Елемес

ҚОБЫЗ

Үніңдегі кереметке мәңгі игі,
Қиял сүңгіп қияндарға қаңғиды.
Тигенде ысқыш туқұйрыққа тіл бітіп,
Әуен жылап,
Күй қоңырсып,
Ән күйді...
Күн сорғалап,
Ай тамшылап,
Сам еріп,
Тік шапшыды тамырларда қан өріп...
Ішек пенен арасында ысқыштың,
Әуен қалды сан тіріліп, сан өліп...
Тереңдерге тартары қақ толғамың,
Бақыр – басың тіл ділгірлер толған үн...
Ол ақиқат дана тұтқан жоқ сені,
Бақсының жын шақырғышы болғаның.
Мұным сені қаралауым емес-ті.
Аңыздардан үн келеді көне, ескі...
Сол үндерден ақиқаттар сен жайлы,
Бізге жетті... қарақтандым соны естіп.
«Мұртымменен бұлтты тіліп, көк тестім, –
Дей алмаймын, – Жерде туып, көкте өстім»!..
 Хан – қазақтың көнекөзі болсаңда,
Тәңір тұрып саған құлдық етпеспін!
Құдіретше құламаса Күн егер,
Қияметке жалғасарсың... біле гөр!
Бізге жеткен дүниенің түбінен,
Көне қазақ көзіндей боп жүре бер!..
2007.1.20





Пікір жазу