10.02.2022
  85


Автор: Құл-Керім Елемес

АЛЛАҺ

Жыр сұрап едім жыр бердің,
Аллаһ!
Күй сұрап едім күй бердің,
Аллаһ!
Нұр сұрап едім нұр бердің,
Аллаһ!
Сый сұрап едім сый бердің,
Аллаһ!
Ән сұрап едім ән бердің,
Аллаһ!
Мән сұрап едім мән бердің,
Аллаһ!
Тірі өлік едім, «жан» бердің,
Аллаһ,
Өзіңе мәңгі-мәңгі ердім,
Аллаһ!
«Дүние» деген пақыр ем,
Аллаһ,
Не екенін білмес тояттың,
Аллаһ!
 «Қараңғыда» ұйықтап жатыр ем,
Аллаһ,
Иманмен аппақ ояттың,
Аллаһ!
Ішінде жүр ем бұлдырдың,
Аллаһ!
Тұлданған бірі ем тұлдырдың,
Аллаһ!
Құл екенімді білдірдің,
Аллаһ!
Білгірі Сенсің білгірдің,
Аллаһ!
Көзі бар көзсіз соқыр ем,
Аллаһ,
Білтемді Өзің тамыздың,
Аллаһ!
Тәкаппар, тарпаң, поқыр* ем,
Аллаһ,
Болып барамын жаны ізгің,
Аллаһ!
Көрнеуді, көмес көретін,
Аллаһ!
Сұрағаныңды беретін,
Аллаһ!
Сұрамасаң да беретін,
Аллаһ!
Жомартсың, Хақсың өр есім,
Аллаһ!
Жолдарын кесіп кесірдің,
Аллаһ!
Қатемді қай бір кешірдің,
Аллаһ!
Жылауын тиып жесірдің,
Аллаһ,
Дәрежемді Елдік өсіргін,
Аллаһ?!
Фарызыңды адал атқарыт,
Аллаһ!
Нұрыңмен иман бақ дарыт,
Аллаһ!
 Ханға адал Елді басқарыт,
Аллаһ!
Шын мүмин халын жақсарыт,
Аллаһ?!
Шын мүмин болып өтейін,
Аллаһ!
Фарызымды адал өтейін,
Аллаһ!
«Сираттан» зымқап өтейін,
Аллаһ!
Жәннәтыңа аман жетейін,
Аллаһ?!
Тілегімді аппақ қабыл ет,
Аллаһ!
Болайын бірі сафидың,
Аллаһ!
Нақты нақ таныр қабылет,
Аллаһ,
Бер Өзің Кәрим заты Игім,
Аллаһ?!
Әмин!
2006.10.13


*Поқыр – такаппар





Пікір жазу