10.02.2022
  111


Автор: Құл-Керім Елемес

ӨКІНУ

Міне,
Қырық бірдемін,
Мүлде қырық түрдемін...
Некер екем нәпсісі,
Торлап алған нұр көгін.
Ақылыма жағам деп,
Айтқанымда бағам жоқ.
Жарыққа емес, зарыққа
Қанатымды қағам кеп.
Жүргендеймін ізденіп,
Жүзім екі жүзденіп...
Бара жатыр жақындап,
Барар жерге із кеміп...
Раббыма не деймін,
Нәпсімде әлі егеймін?
Жарықтан кеп,
Жарықтан
Жұрдай болған кедеймін!
Өкінішті!
2004.11.5





Пікір жазу