10.02.2022
  180


Автор: Құл-Керім Елемес

БАҚ ТІЛЕУ

Саған бақыт тілеймін,
Халқымның серкесі деп.
Саған бақыт тілеймін,
Нарымның өркеші деп.
Саған бақыт тілеймін,
Жұртты оңға бастағын деп.
Саған бақыт тілеймын,
Бағы ассын, асқағым деп.
Саған бақыт тілеймін,
Еліме саясың деп.
Саған бақыт тілеймін,
Ұрпағын аясын деп.
Саған бақыт тілеймін,
Жаратқан жақтасын деп.
Саған бақыт тілеймін,
Бірлікті сақтасын деп.
Саған бақыт тілеймін,
Елімді ұйытсын деп.
Саған бақыт тілеймін,
Бәрінен биіксің деп.
Саған бақыт тілеймін,
Нарласын намысың деп.
Саған бақыт тілеймін,
Тәңірін танысын деп.
Саған бақыт тілеймін!..
2004.5.2





Пікір жазу