10.02.2022
  124


Автор: Құл-Керім Елемес

ҰСЫНУ

«Аллаһ» деген құл едім,
«Өнер» деген «тұл» едім,
Болсам ба деп тақуа,
Хақты сүйген ұл едім.
Үйсінтауда туылып,
Тәңіртауда түледім.
Елім, Жерім, Дінім деп,
Боздаулының бірі едім.
Шындық үшін шырқырап,
Жұлып берген жүрегін.
Ұл едім, мен, ұл едім,
Құл едім, мен, құл едім.
Аллаһ қолдап ісімді,
Жинап жігер күшімді,
Жүрегімнен жаныңа,
Ұшырайын құсымды.
Қондырып ал,
Қабыл ал,
Жырым – құсым – жүрегім!





Пікір жазу