10.02.2022
  170


Автор: Құл-Керім Елемес

ШҮКІР

Қателіктерім қақ маңдайымнан шарт етті,
Шашылған шоқтай көз отым жанып жарқ етті.
Жанымды жеген жегі құрт – нәпсі жемірден,
Жеріді рухым тегі нұр таза Жар текті...
Қайырылып қалып ақындық қайсар ұлдығым,
Жазалап жатты рухым өшкен құлдығын...
Данышпандарша дағымды жуа бастадым,
Даңғылға түсіп...
Даналық сырын білді кім?





Пікір жазу