10.02.2022
  118


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖАРЫҚ

Жерге жарық Аспан жақтан келеді,
Рух, тәнді,
Жер-жапанды ағартып.
Жерге жарық Аспан жақтан келеді,
Аспан жақпен астасқанның бағы артық...
Жерге жарық Аспан жақтан келіп тұр,
Аспан жақтан келетіннің бәрі ақ нұр.
Жәләл Аллаһ, жамалыңа жолықтыр,
Жолығуды рух,
Тәнім қалап тұр?!
Жерге жарық Аспан жақтан тұр келіп,
Әппақ нұрмен ақ сәулелеп ақ таңды.
Жүректерге Аспан жақтан нұр келіп,
Жүректегі Аспан жаққа аттанды!..
2004.3.15





Пікір жазу