10.02.2022
  124


Автор: Құл-Керім Елемес

АЛЛАҺ

Сен де сүй Ол – Аллаһты жаннан тәтті!
Ибраһим
Жанымнан тәттім ақ Аллам!
Жанымнан тәттім тек Сен ең.
Сенсіз отымды жаға алман,
Сенен басқаны көксемен.
Жүрегі жабық қас надан,
Сорлы едім соқыр, тас керең.
Өзінен-өзі аспаған,
Ақылсызды еттің қасберен!
«Жұлдыз боп ақтым» демейім,
Жұлдыз да мендей аға алмас.
Жарыққа толды көмейім,
Жарқылда тілім ақ алмас!
Жарқылда тілім «Аллаһ» деп,
«Аллаһ» деп ділім жарқылда.
Екі әлеміңді жалғап кет,
Жарығың қалсын артыңда!..





Пікір жазу