10.02.2022
  123


Автор: Құл-Керім Елемес

ЕГЕ

Ғаламдағы жаршы егең
Аллаһ қана!
Өтіндім –
Денемдегі барша әлем,
Аллаһқа бұр бетіңді!
Басқа әмірге бағынба,
Қор болма аруақ тергеп те.
Аллаһ қана нағында,
Жалғыз егең Жер – Көкте!
Одан басқа Тәңір жоқ!
«Бар» деушілер дінсіздер.
Одан басқа тәңірге,
Табынбайды мінсіздер!
2004.2.9





Пікір жазу