10.02.2022
137

ТІРЕУ
Мен нағыз мұсылманмын.
Гете
Нұрыменен Алламның,
Нұрсәулелеп тұр ғалам.
Кемеңгер боп қалғанның,
Аллаһ бәрін нұрлаған.
Гете соның біреуі,
Аллаһ жанын нұр еткен.
Ол өнердің тіреуі,
Аллаһты өпкен жүрекпен.
Бақилық боп келеді ол,
Хақты хақтап өткесін.
Құлдық қақын төледі ол,
Аллаһты өле де өпкесін.
Аллаһ жалғыз – шын Мықты!
Хақсыз өлгім келмейді.
Екі әлемде шындықты,
Танығандар «өлмейді»!..
2004.2.9