10.02.2022
125
ТАНУ
Үйлескенше ақылым мен иманым,
Иір-иір отыз бес жыл жол жүрдім.
Хаққа елтуге жан тапқанша иланым,
Қақыранды қиял мұжып болдырдым.
Үйлесті де ақылым мен иманым,
Отыз бесте ақиқатқа аттандым.
Нұр сәулелеп рухым,
Тәнім,
Жиғаным,
Хаққым берген қасиетпен қақтандым.
Хаққым берген қасиетті мекенде,
Тірі өліппін дінсіздікке тіреліп.
Дінсіз кезім – нұрсыз кезім екен де,
Нұрсыз кезім – кезім екен тірі өлік...
Өкінішті!
2004.1.27