meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.02.2022
  160


Автор: Құл-Керім Елемес

САҚСЫНДЫРУ

Керім,
Келдің қырыққа,
Пайғамбарлықпен құрдассың.
Түссең алтын құрыққа,
Қас қағым сәт тұрмассың.
Дүние тас қараңғы,
Қараңғыда қалтақтап,
Тура бетке ап молаңды,
Таяп қалдың талтақтап...
Мүрдең аузын күзетіп,
Мүмкін, үстінде отырсың.
Қоймайсың-ау тыз етіп,
Әй, соқырсың,
Соқырсың!..
Керім, қамдан!
Қалықта ән
дүниенің үстінде.
Жалғанынан жалыққан,
Ұшады екен құс түнде...
Кері-ім, қамдан!..





Пікір жазу