10.02.2022
135
СӨЙТ
Харамдарды көзім көрме, ол – қараңғы,
Ізгілікті байқа баданадай боп.
Харам қарау өшіреді қараңды,
Жүр дітіңе Хақ ісі үшін абай боп.
Нұрсыз сөзге құлағым бол таскерең,
Ізгі ән болса құрышыңа ал құйып.
Мұң,
Салмаққа мойымайды қасберен,
Отырады ол ардан тәтті «бал» жыйып.
Дінсіз сөзге тілім тиыл, бір тиыл,
Жарығыңды өшіреді ол жанған.
Хаққа елтуден қасиетіме нұр құйыл,
Екі әлемдік құр қалмайын олжамнан?!
Сөйт!
2004.1.7