10.02.2022
  115


Автор: Құл-Керім Елемес

ӨКІНУ

Бойымдағы пендемнен
асып, адам бола алмай
жүрген пақыр пендең мен,
Кешіре гөр, ой, Алла-ай?!
Бетім бұрсам жарыққа,
Жамандарым қаумалап,
Құлатады арыққа,
Жан-тәнімді жаулап ап.
Аллаһ Өзі құл ғыпты,
Құл бола алсам жарады.
Құндай алмай құлдықты,
Күнім өтіп барады.
Әттеген-ай!





Пікір жазу