10.02.2022
  159


Автор: Құл-Керім Елемес

НАМАЗ

Хақ алдында намаздың
Орны өлшеусіз, жоқ теңеу!
Намазсыздың жаны азғын,
Намазсыздық – көктемеу.
Ақиқаты ақыр күн
Құранда...
Оқы Намазды!
Жарығы жоқ пақырдың,
Жарықсыздан жаны азды...
Дүниеден бөлініп,
Жойып ақылға алғанды....
Жарға жанмен телініп,
Тәрк ете алсаң Жалғанды,
Иман сені жалғамақ,
Жарығына Аллаһтың.
Жалған атақ, жалған ат,
Қамы мұнда қалмақтың...
Кетші-ей!
2002.11.5





Пікір жазу