10.02.2022
108
ЖЫН КІСІ
Ей, жын кісі,
Жұлдызы жоқ түн кісі.
Жалған күлуге шынығып па едің?
Жалған сөйлеуден шімірікпедің.
Сен,
Жалғаныңды шын етуге зорландың,
Арың оған қорланды.
Сен,
Жалғаныңды тіліңмен растадың,
Сөйтем деп шындық шыңынан бір аспадың,
Өкінішті!
Сен,
Сездің,
Жүрегімнің арайлы әнін сездің...
Шырқап тұрдым бесінде...
Шырқап тұрып мен сездім,
Жүрегіңнің қарайғанын сездім...
Қап-қара боп табы жатты бетіңде...
Ей, жын кісі!
Ей, түн кісі...
Әй, мұн кісі...
Қайт!
2002.10.15