10.02.2022
  182


Автор: Құл-Керім Елемес

ХАҚ

Ізгілікпен үндестір?
Ізгілермен дос ет, Хақ!
Өмірімді күндестір?
Берер алда есеп хақ!..
 Жарық жолға түсірдің,
Қарыз бенен аманат,
Кісі ақысын түсіргін
мойынымнан?
Санам ақ!
«Пайда бермес ғылымнан,
Қорықпайтын жүректен,
Тоймайтұғын нәпсіден,
Қабыл болмас дұғадан
сиынамын!»... кезексіз
Тілек қабыл Етушім!
Нажағайдай тез өткіз?
Сиратыңнан өту шын!..





Пікір жазу