meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.02.2022
  143


Автор: Құл-Керім Елемес

КӨЗ

Көз маңдайда төре еді,
Ол бәрін де көреді...
Ол ақылсыз бірақ та,
Нәпсі артынан ереді.
Адамда иман болса анық,
Ақыл оған толса лық,
Нәпсі нұрлап, көз сонда,
Көрер шынды ең қанлық!..
 Олсыз көздің көргені,
Нұрсыз нәпсіге ергені...
Не имансыз ақылдың,
Санаға айтып бергені...
Нұрсыз ақылға ер мейлі...
Нұрсыз нәпсіге ер мейлі...
Адам нұрлы имансыз,
Көз шындықты көрмейді!





Пікір жазу