10.02.2022
  108


Автор: Құл-Керім Елемес

ӨТІНУ

Хақ жүрегім,
Саған ешті телмейді,
Жоққа сеніп жоқ боп кеткім келмейді.
Саған сенем – екі әлем Егесі,
Саған сенген екі әлемде өлмейді!
Сөз, ісімді біреулеші – шындайын!
Сенімді етші, Сені ғана тыңдайын!
Жан-тәнімді пәгейте түс Жар-Аллаһ,
Қайдан келген қас малғұнға қыңбайын!
Сені ғана айналайын Хақ Аллаһ,
Жарық алып айналғандай Күнді Айың!..





Пікір жазу