10.02.2022
  89


Автор: Құл-Керім Елемес

ҚЫЛАУ

Жынменен дос болудан қайт, қазағым!
Араққа салыну ма, айтпа о жағын!
Сақтаған болмысыңды дінің тауып,
Қайтадан кәлимәңді айт, қазағым!
Қайтадан кәлимаға тілің келтір!
Асқынған аш нәпсіңді діліңде өлтір!
Қаласың бұл тұрыңмен күресінде,
Орныңнан қатарыңнан, бұрын, бол, тұр!
Кеше ел ең көңілімен көк тіреген,
Түрің бар бүгін шөп жеп, етсіреген...
Оданда үйір де иман, ортаңнан оз,
Қалпыңа ен де қайта өткір, ерен!
Сөйт!





Пікір жазу