10.02.2022
  132


Автор: Құл-Керім Елемес

ХАҚТАН ТІЛЕК

Барлық мадақ саған тән,
О, Аллаһым – Тәңірім!
Кері істі де оң етер,
Сенің шексіз әмірің!
Сенен басқа Құдай жоқ!
«Бар» деушілер азады!
«Бар» деушілер өзінің
Көрін өзі қазады!..
Қазақтайын момынды,
Арсызға енді жем етпе!
Арсызға арын жем етіп,
Абыройын көн етпе!
 Сүйген елді өзіңді
Әл-Мисақтан растап,
Қалдыра гөр қашанда,
Хақиқатта нұр асқақ!
Тарағанды қанынан
Баурынан жертпе!
Саған ғана сенімін,
Санасында берікте!
Бойындағы кемісін
Болмысынан айыр да,
Еткен күллі тірлігін
Айналдырғын қайырға!
Өзіне-өзін силаттыр,
Жат жанынан түңілсін!
Көріп сендік бірлігін
Көре алмастар мұң ілсін...
Бағын жандыр халқымның
Ынтымағын үздіктеп!
Өтердей ет өзіңнің
Жәннәтіңді «біздік» деп!
Әмин!
2012.10.16





Пікір жазу