10.02.2022
  109


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖАРЫҚШАҚ

Жүрегім, сұмдық, өлі еттей,
Кеудемнен мүлде бөлектей.
Рухым менен өзімді,
Қойды ғой мүлде тел етпей.
Ақылы тұрса да өкініп,
Сөйтуді санам өтініп,
Жүрегім жыбыр етпейді,
Алғандай без боп бекініп.
Зікірлеп Аллаһ әр атын,
Ұшсам да жетпей баратым...
Рухым мен өзім ортамда,
Жатқандай шөгіп қара түн...





Пікір жазу