meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.02.2022
  171


Автор: Құл-Керім Елемес

КЕРЕМЕТ

Керемет ақын жоқ,
Керемет бар Аллаһ.
Жармын дер ақың жоқ,
Бәріне жар Аллаһ!
Пендеге салсаң ба,
Менмін дер керемет.
Құзырда ол қалсаң ба,
Өзіңді керең ет.
Керемет Хақ Аллаһ,
Хақ қана керемет!
Хақ деп тек ақ алға,
Хақ деген еленет!





Пікір жазу