10.02.2022
209
АКТЕР
Ақылым көзін ашпауда,
Жұпарын жұртқа шашпауда.
Білдіріп Хаққым, білгенім,
Қарын қамынан аспауда...
Салғырттық ойды бөлуде,
Уақтым көбі өлуде...
Қырық та мынау қылығым,
Не тындырмақпын елуде?!
Бар ма, жоқ маған ол сәттер?
Өтті шақ «нұрға толсақ» дер...
Құртады екен пенде өзін,
Аллаһтан алыс болса актер!