10.02.2022
157
ДЕРЕК
Болса дағы кім ие,
Бәрі өзінде керектің.
Тарих дағы дүние,
Мен ондағы дерекпін.
Құдіреттің күшінде,
Мәужүт* болып кең ырғын
Сүріп өткен ішінде,
Дүниенің өмірмін.
Алар мүмкін ертеңім,
Болса егер керегі.
Кешіп өткен өркенін,
Мен дүние дерегі.
Бір жерінде уақыттың,
Жетегінде Бір Иенің,
*Мәужүт – бар болу
Сүрген өмір уатып шын,
Расымын дүниенің.
Заманақыр келіп қап,
Құламаса Көк пен Жер,
Иншаллаһ, бір жолықпақ,
Дерегім...
Тек, сөкпеңдер!..
2012.4.21