10.02.2022
121
ШӨЛМЕК
Адамдарды айналдырма мазаққа,
Малғұн шайтан ласы болмақ мазақта.
Адамдарды айналдыру мазаққа,
Анық түбі тартылар іс азапқа.
Тісі орсақ,
Қисық көзі, мұрыны,
Ал біреудің әйелге ұқсайд түр, үні...
Мазақ – кемің,
Сондықтан да доғар, дос,
Бойыңдағы менменсіген іріні.
Бәрі де оның Хақтан,
Хақтың сынағы...
Бұл істе Хақ хақ құлдарын сынады.
Жұртты сылтың қылмақ келмек басқа, дос,
Байқа,
Байқа шөлмек бір күн сынады!..
2012.3.17