10.02.2022
  170


Автор: Құл-Керім Елемес

ДІН СЫРТЫНДА

Дін сыртында ешқашан әділдік жоқ, болмайды!
Дін сыртынан әділдік іздесе, адам, сол қайғы.
Дін сыртында дүние мәңгі болып көрінбек,
Дүрлегеннің дін сырты лапылдамақ көрінде от.
Екі әлемге мәңгілік жүргізетін әмірін,
Дін сыртында шын адам танымайды Тәңірін!
Дін сыртында шын адам өзі айланбақ «тәңірге»,
Құлақ аспай құлқы өшіп Құрандағы әмірге!
Дін сыртында барлығы еркін болып ұғылмақ,
Еркін кеткен ақыры тозақ отқа тығылмақ!
Дін сыртында өмірдің жоқ ешқандай бағасы,
Көзі шығып біреудің, жыртылады жағасы...
Дін сыртында уақыттың білінбейді өткені,
Қадірленбей қанша бақ желмен ұшып кеткені.
 Дін сыртында ақылдың құны тиын саналып,
Қалмақ асты табанда қасиетті даналық.
Дін сыртында жын сезім айқұлақтап алға озбақ,
Кереметке баланып кердеңсіген сал «боздақ».
Дін сыртында адамдық түбірінен қараң қап,
Харам ішу, зина ғу жігіттікке баланбақ...
Дін сыртында дін ісі құбыжыққа баланып,
Шын құбыжық боп өтпек адам ардан таланып.
2012.3.4





Пікір жазу