10.02.2022
  121


Автор: Құл-Керім Елемес

СҰМДЫҚ

Хамма істің тағдыры Хақ Аллаһтың қолында,
Жүрмесе де, жүрсе адам Хақ Аллаһтың жолында!
Өйткені өмір Онікі – келу-кету, жеп-ішіу,
Азуы адам бек сұмдық мәнін білмей соның да.
Жолында Хақ Аллаһтың жүрмесе де, жүрсе адам!
Білер еді бұл сырды Құранға құлақ түрсе адам.
Әттең, пенде өмірін хақ иманмен сүрмейді,
Білер еді бұл сырды сонда өмірін сүрсе адам.
Жер,
Күн,
Ауа,
Бас,
Аяқ,
Қолың да ана, Сонікі!
Сана,
Сезім,
Ақыл,
Ой – қорың да ана, Сонікі!
Келіп Содан жаралып, жатсың жайлап дүниесін,
Сонда қалай болмақ «дін жолың» ғана сенікі?
Дін де Онікі емес пе,
Әрі хақ дін – бір-ақ дін!
Қайдан шықты ендеше мыңдап кеткен құрақ дін?
Құраны бар құдіретті,
Елшісі бар ел асқан,
Тар боуда ма санаңа Исламдай нұр, ақ дін?!
Оның құлы боп тұрып,
Оның асын жеп тұрып,
Оның дінін тәрк етіп, хақ Құранын жеткіріп,
 Ол жаратқан бар етіп ит пен құсқа табынар,
Қайдан шықты, адам-ау, енгісіз бұл көп ғұрып?!
Сүріп өмірді Ол берген,
Ол жаратқан мекенде,
Табынған соң бұл адам Өзін қойып бөтенге,
Ақылы бар бұл адам хайуандық та ете алмай,
Мәңгі төмен тозақтық боп кетеді екен де?!
Өкінішті!!!
2012.2.18





Пікір жазу