МИРАС
Дамы адам,
Дамып адам Айға барғын,
Жердегі бірі болғын айдағардың,
Бәрі-бір Хақты Хақ деп танымасаң,
Бірісің іші үрленген жай дағардың.
Дамы адам,
Дамып адам Күнге барғын,
Жер беті мықтысы боп кімге барғын,
Бәрі-бір Хақ Иеңді бірлемесең,
Бірісің көңлі соқыр мүлде хардың.
Дамы адам,
Дамып адам ұшып кеткін,
Өмірде ішіп, мейлі құшып кеткін,
Бәрі-бір Хақ жолымен жүре алмасаң,
Өзіңді от – тозаққа түсік-ті еттің...
Мың, тіпті, миллиардтық бол-ақ қауым,
Өзіңе дінсіздікті жолатпауың
керексің, ал хақ діннен сыртта қалсаң,
Емес ол Хақ міндетін сене ақтауың.
Дінсіз бе, дамуға онда сенбе, адамзат!
Сенем деп құдайсыз қап сембе, адамзат!
Дамы,
Тек дініңменен бірге дамы,
Хаққыңа, дұрысы сол, сен де, адамзат!
Жәннәттың ашқышы анық бұл дүние,
Ол да анық дінсізге бұл тұл дүние!
Жәннәт ол дүниесін дін дамытқан,
Болатын мирасы анық құлдың ие.
2012.2.13