10.02.2022
  196


Автор: Құл-Керім Елемес

БАЙҚА

Адам өмірі жүректі өлшейтін аспаптай,
Соғысын оның қағазға сызған атқақтай.
Немесе бірде жоғары-төмен, түп-түзу,
Мұз бетін сызған шыймай сияқты шатқақтай.
Көңілді бірде,
Көңілсіз бірде, қайғылы,
Пәс, кейде бәсең, жететін кейде Айға үні...
Ұшақпен, атпен, жүретін кейде жаяулап,
Белгісіз, кейде ғаламды соққан айбыны...
Ақыл мен сана болғанмен ортақ, Сенімде
алуандық адам баласын тірі өлімге
итермелеуде... бұл халы бар ғой пенденің,
өкіруіне болмақ-ты себеп көрінде...
Бұл халын пенде еш түсіне алмай сорлауда,
Қалауы жанның Хақ көрер көзін торлауда.
Торланған көзбен қараны ақ көріп шатасып,
Хақ ісінде адам надан қап өзін қорлауда.
Қорлаған өзін адамнан кетіп түзулік,
Орнына оның қытымыр орнап қызулық,
Ақыл мен иман астаса алмай жүректе,
Көрінуде оң іс тураны ылғи бұзулық.
Шіркін-ай, адам, жүрегіңді өзің тыңдашы!
Адамсың ғой сен, нәпсіңнен әсте сынбашы.
Бар болмысыңды Хақ Құранымен қарулап,
Қателік көрсең өзіңді кешпей сындашы!
Не болар екен өмірің сосын бір байқа,
Жалынам саған бұл анық хаққы сырды айта.
Шүбә жоқ сөйтсең бақтанатыныңа сенемін,
Хақ берер иман – болмысыңа еніп нұр қайта!
Сөйт!
2012.1.31





Пікір жазу