ЕСКЕ САЛУ
Пенлелік заң-зәкүн мен надан жеңіп,
Хақ жаққа баратқандай қадам кеміп.
Адамдық қақындағы ісін білер,
Сөз ұғар ақылы бар адам кеміп.
Ырықты серілік пен салдық илеп,
Ақиқат жүректерден қалды күйреп.
Деген ой «тек осы өмір» көңілді арбап,
Тіршілік Біршілікті алды билеп.
Білдірген былай қалып хақ шындықты,
Күлдірген озды бұрып нақ шындықты.
Басына не келсе де сабырменен,
Хақшыл топ ақиқатын Хақтың күтті.
Әне сол топ қуалап ақиқатты,
Құрандай қыбыла етіп нәсихатты,
Аллаһтың жәрдемімен,
Әлхәмдулилләһ,
Өзінде бұ дүниенің бақи** тапты!
Бәрі-бір білмейтінге білдіру жоқ,
Көзіне Хақтың Өзін ілдіру жоқ.
Білдіру,
Жолға салу Хақтың ісі,
Ол үшін адамға әсте құлды ұру жоқ!
Сондықтан адам Хақты ұлықтасын,
Хақтанбау адамдағы құлыққа сын.
Келген кім дүниеге қайтып ертең,
Хаққына баратынын ұмытпасын!
2012.1.30
* Құласы – қортынды, нәтиже
** Бақи – мәңгі