10.02.2022
  132


Автор: Құл-Керім Елемес

ҚҰДІРЕТТІМ

Құдіреттім,
Жоғы анық Сенен басқа Құдіреттің!
Нұрымен мәңгіліктің жарылқадың,
Келмейтін соқыр едім қыбыр еткім.
Құдіреттім,
Келмейді Сенсіз енді қыбыр еткім!
Мен үшін сондай қорлық шығып қалу,
Сыртына, Хаққым, Сендік құзыреттің!
Құдіреттім,
Келмейді Сенсіз енді қыбыр еткім!
Сыртына шығып қалсам құзырыңның,
Ішінде қалғаным ол құбыр – оттың!..
Құдіреттім,
Келмейді Сенсіз енді еш қыбыр еткім!
 Мәңгілік жарылқаушы тек Өзіңсің,
Тек Өзің жарылқай гөр, Құдіреттім?!
Мәңгілік тағындағы Рахымдым,
Сенсіз шынға асыра алмақ мұратын кім?
Жарыққа Өзің ғана бастамасаң,
Оң шықпай қалары хақ құласымның*!..
Жар Аллаһ!
Жалғыз Аллаһ Құдіреттім!
Жоғы анық Сенен өзге Құдіреттің!
Әуелсіз, Ақырсыз бәрі Өзіңдікі...
Мәңгілік Мәңгілігім, Құдіреттім!!!
2012.1.29





Пікір жазу