10.02.2022
  130


Автор: Құл-Керім Елемес

РАББЫМ

Дүниеге түскен адам Күннің нұрын «жарық» дер.
Дұрыс, бірақ емес әсте ол нағыз жарық дәріптер.
Нағыз жарық дін жарығы,
Дін, иманым беріктеп,
Қараңғыны дал-дал етіп жарып өтер жарық бер,
Ием?!
Қараңғыны жарып өтіп үндесейін жарықпен,
Рух – қозы жарығандай уызына жарып мен.
Шын жарықтан құл қолына ұстатқан шам-шырағың –
Құран нұрын рухыма құйшы анықты дәріптер,
Хаққым?!
Құран ашқан көкірегімде жарықпенен жарықтап,
Оң-солымды,
Ақыл жетпес ақ-қараны парықтап,
Дүниеге келгендегі мақсатыммен өмірлеп,
Хақ жетейін құзырыңа хар нәпсімді жарып қақ,
Раббым!
Әмин!
2012.1.29





Пікір жазу