10.02.2022
  121


Автор: Құл-Керім Елемес

ЛАЙЫҚ

Құрғақ сөзбен құс жүгіртіп, аң аулап,
Қайтем жалған атақ қуып танаулап.
Мәңгіліктің сырын түйген мүминге,
Мына дүние қуанышы санаулы-ақ.
Сондықтан да жалған қызыққа елітпей,
Көңілді тек шындықтарға бөліп кей,
Еліктейін алсам егер көз көрмес,
Хақ білдірген хақиқатқа еліктей.
Жазсам қане хақ шындықты жазайын,
Кенімнің тек асылдарын қазайын.
Жақұт біліп жалған тағы жыр жазып,
Қияметте босқа тартпай сазайын.
Қайғымдағы бақытыма беттейін,
Өліп шынға опасыздық етпейін.
Хақ білдірген хақиқатты қана ұғып,
Ибраһимше жүректерден көктейін.
Хақты жазсам болары анық керек бір,
Жалған сөйлеп жөнім қайсы өрекпір.
Нені жазу керек болса егерде,
Хақ Аллаһтың хаққы мәңгі ерек тұр.
Жазам Соны ілім, халым жеткенше,
Бос қиял мен нәпсіні ойсыз өпкенше.
Жазам Соны ақын еткен Сол мені,
Жазам Соны басым жерге жеткенше!
Анық ақынға Одан басқа айтар жоқ,
Шыншыл үшін Шын жолынан қайтар жоқ.
Ал қайсыбір Хақ ісінде хақы өлген,
Жалғаншыға Ол шындықты байқар жоқ.
Хақ адамға артқаны емес аз міндет,
Сол себепті айту асық «жаздым» деп.
Хаққа хақсып қарсы ұшса қай ақын,
Анығында өтетін сол азғын боп!
2012.1.14





Пікір жазу