ЕКІ НҰР
І
Хақ нәсіптеп өзіңді,
Еттім, шүкір, зират!
Кағба.
Алмадым көзімді.
Жүрекке нұр ұялап!
Көретінді түсімде,
Өңімде, Аллаһ, көрсеттің.
Мін қалмауын ісімде,
Мойыныма борыш еттің.
Мекке басқан әр қадам,
Меккеде алған әр тыныс,
Түсіріп жүкті арқадан,
Хаққа еттірді жарқын іс!
Мина барып, міне бақ,
Арафатта тек сұрау...
Мұздалифа түнеп ап,
«Жамаратты» соққылау...
Кәғбатоллаһты айналып,
Сафа,
Мәруә да сағилау –
Хаққа мәңгі байланып,
Хақ боп қалу қағида-ау!
Сосын шашты алдырып,
Қоштасу да бір бақыт.
Меккені ойда қалдырып,
Мәдинә ұшу – нұрға тік!..
Қасиетті Меккем-ай!
Қайтіп қиып кетем-ай?!
Ардағыма Мұхаммед,
Болған жарық мекен-ай!
Жер жарығы Меккем-ай!
ІІ
Жүрмін сені сағынып,
Қасиетті хақ Меккем!
Аллаһыма бағынып,
Өзімді ылғи бақты етем!
Саған сырттай сүйініп,
Ардай таза ақ мекен,
Аллаһыма сыйынып,
Әмсе шындық жаққа өтем!
Сағыну ол – махаббат,
Махаббатты Хақ бермек.
Омен өзін оқалап,
Хақтайды адам Хаққа өрлеп.
Хаққа өрлеген құл текті,
Хаққа өрлеген құл өктем.
Хақты сүйген ұл текті,
Сені сүйген жүрекпен.
Жерде нұрлы жоқ сендей,
Хақ хақтаған хақ мекен.
Адам атамды өпкендей,
Өбем сені ақ Меккем!
ІІІ
Мәдинә Мінәууәра,
Қаласы Пайғамбардың.
Әрі оған сынала да,
Еріп дін жайғандардың.
Мәдинә Мінәууәра,
Қаласы Расұлдың.
Қаласы мына қала,
Адамда шын асылдың!
Мәдинә Мінәууәра,
Қаласы Елшінің хақ.
«Емес» деу күнә ғана,
Соңғы елші ол шынында-ақ!
Мәдинә Мінәууәра,
Қаласы Мұхаммедтің.
Еріп ол ғұламаға,
Хақтауды нысана еттім...
Мұхаммед соллоллоһу
ғаләйһи уә сәлләмға,
Дінде ер,
Қарғыс жауар
Ермеген есалаңға!..
2012.1.12