meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.02.2022
  126


Автор: Құл-Керім Елемес

ЕГЕР

Адам дінде болмаса –
Тек жалғанға сенеді.
Хақтың емес халықтың,
Айтқанына көнеді.
Адам дінде болмаса –
Тек жалғанды сүйеді.
Иер басты Аллаһқа,
Бұт-бұрханға иеді.
Адам дінде болмаса –
Уәдеде тұрмайды.
Жомарт Аллаһ берсе де,
Жоққа мойын бұрмайды.
Адам дінде болмаса –
Қиянатқа қыңбайды.
«Жан» қалауын елемей,
Тән қалауын тыңдайды.
Адам дінде болмаса –
Еш айтқанға көнбейді.
Көрмеген соң көзі анық,
Хақ барына сенбейді.
Адам дінде болмаса –
Өзін салып қайқаңға,
Жүрмей тура жолда аса,
Айналады шайтанға…
2012.12.30





Пікір жазу