10.02.2022
  110


Автор: Құл-Керім Елемес

ҚАУЫП

Мемлекет – үй, не бірі оған жуықтың.
Шаңырақ – ұлт, қосатын басын уықтың.
Ұру – уық, шаңырақ тұрмас уықсыз,
Ұлт дінмен ұлт,
Дініңмен Хаққа жуықсың!
Хақ ұлтты ұлт қып хақ дінмен хақтап жаратқан,
Дүниені жайып үстіне ұлт-ұлт қып таратқан.
Бас Отан біреу,
Ауа,
Су біреу,
Дін біреу,
Құран бір,
Соңғы Елші бір,
Хақ бір Жаратқан!..
Ұлт пен тіл басқа болғанмен діл бір – жүрек бір!
Өң түрлі...
Бірақ ішіп-жеу, кию, тілек бір!
Хаққа иманменен қауымның бағы жанбақ-ты,
Иман жоқ жүрек жүрек емес ол, құры ет-дүр!
Адамдар жеке иманды болса ұлт сауықпақ,
Сау ұлт қана өзін иманмен алар сауыттап.
Ұлтта иман болмай мемлекетте қорған болмайды,
Қорғансыз мемлекет мемлекет боп тұру қауіпті-ақ!
2011.12.19





Пікір жазу