10.02.2022
129
ОРЫН
Орныңды біл, ей, адам ғаламдағы,
Сен үшіні ол анық ғалам дағы.
Бірақ, пенде, дүниеге махаббаттай,
Шығар қане дертіңді санаңдағы!..
Шықса ол сүю табасың орыныңды,
Қалыптайсың шын адам форымыңды.
Үйлесіммен ғаламдай үйлесесің,
Адам деген шығарып зор үніңді.
Орның білсең, адам-ау, дінденесің,
Сөйтсең ғана дін сынды күнденесің.
Сонда адам боп сафтанып айналасың,
Саф Адамға жемейтін мін денесін.
Сонда ғана биіктеп періштеден,
Растайсың жалғанды терістеген.
Сонда ғана шындықпен бетпе-бет кеп,
Жамандықты жоясың өрістеген.
Адам тапса орынын ғаламдағы,
Жойылады зұлымдық ғаламдағы.
Адам солай адамдық орнын тапса,
Пенделік хал көкке ұшпақ арандағы...
2011.12.19