10.02.2022
  241


Автор: Құл-Керім Елемес

ҰРАН

Иманды ұлт адам атын ұрандамас,
Түсінген қыран құлқын қырандамас.
«Аллаһ» деп, Аллаһынан бақ тапқан ел,
Хақ жолдан бұра тартып бұраңдамас.
Тік жүрер,
Тура тартар хақ құзырға,
Екенін біліп бақтың хақ құзырда.
Бәрін тек Хақ берерін білген қауым,
Демейді Хақты тастап «бақ Қызырда».
Шаппайды ұрандатып атасы атын,
Жол олын біледі анық шатасатын.
 Ол жолдың біледі анық қарғыс жолы
екенін шайтан сұмға отасатын.
Шабады егер шапса «Бір Аллаһтап»,
Жарықтар екі әлемді «Нұр – Аллаһтап».
Ендеше, хан – қазағым, қаққың артсын,
Сүр өмір,
Отыр,
Жүр һәм тұр Аллаһтап!!!
2011.12.19





Пікір жазу