АШУРА ТҮНІ
Дүниеге өмір салған өрнек екен,
Сезгенге уақыт дәмі кермек екен...
Анықты білдіріп Хақ, білген хақ құл,
Неге жол жалғандыққа бермек екен?!
Иесі екі әлемнің Хақ тағала!
Анық құл адам жалғыз Хаққа ғана!
Сондықтан, «Ол ғанам!» – шын ағарғаным,
Жаға алмақ қай антұрған аққа қара?!
Арыма,
Иманыма күзеттемін,
Ісімнің қисықтары түзеткенім.
Барымды салып қанша жармассам да,
Өзім боп кетпеді, әттең, ізет менің!
Мен одан оқудамын дұрыстықты,
Құл қылар қылса дінде бір іс мықты.
Өйткені, Аллаһ дінін адам үшін
жаратып екі әлемдік ырыс қыпты.
Хақ дінмен бар-жоғымды сезудемін,
Шын жолда шындық іздеп кезудемін.
Білгесін дүниенің жалғандығын,
Харлықтан хал жеткенше безудемін.
Санамды,
Болмысымды сафтамаққа,
Әмірін Хақ тағала ақтамаққа,
Халімше Хақ құзырын мекен тұттым,
Қадірін адамдықтың сақтамаққа!
Бауырым, сен де нанғын бұл аныққа,
Нәпсідей малти бермей «быламықта».
Адамның бағы мәңгі жанбақ емес,
Танымай Хақ Аллаһын құл анықтап!
2011.12.5