meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.02.2022
  259


Автор: Құл-Керім Елемес

АЛЛАҺЫМ

Сен берген ғылыммен мақтанып,
Жүрексіз ауызбен сақтанып,
Жүрген мен пақырды арылтшы,
Болайын сафиың сафтанып!
Сенсіз мен бұл дерттен құтылман,
Сенсіз мен сорлымын ұтылған.
Сенсіз мен мәңгілік тұтқынмын,
Қорлықпен отыңа тұтылған.
Тек менмін, менмін тек айыптың!
Мақтауға Сен ғана лайықсың!
Нәпсімдей азғынымды арылтшы,
Иесі, Аллаһым, ғайыптың!
Әмин!
2011.12.4





Пікір жазу