meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.02.2022
  191


Автор: Құл-Керім Елемес

АҚЫМАҚ

Хақ Өзі берген хақ иманымды үйіріп,
Хақ жыр жазып ем қарадың мұрын шүйіріп.
Шөңге мен шөпке үйлесіп қалған көңіл-ай,
Хақ жырдың сені кетпей тұрған-ау иіріп.
«Қызық сөз» айттың, қеремет кері баға айттың.
Күлем бе бұған, жылайын ба, әлде, а, қайттым?
Қыз жайлы қызып «қызық» сөз айтсам, «бәле-ай» деп,
Мүмкін-ау, сенің астынан ауың «тағы айттың»!
Құлағың сенің «Хақ» деген сөзге қақырап,
Ішіңде білем сайтаның ұлып жатыр-ақ.
Хақ келдің Хақтан, хақ кету жолын тапсайшы,
Соңынан малғұн солықтай бермей,
Ақымақ!
Болғасын тек бір ашуы жанның орынды,
Бейғамдық тұнған көзіңнен көрдім сорыңды.
Жарық қой жалған, өтерсің әйтеу жарықсыз,
Қараңғы, әй, бауыр, нұрларсың немен көріңді?!
2011.12.3





Пікір жазу