![](/uploads/shorttexts/author_image/bcfbf60b4fa8677238ad1be1a5ba8912-1000x.jpg)
БІРЛІК
Адамдағы көзқарастың көптігі,
Анығында адамда иман жоқтығы.
Хақ,
Құраннан қалғандардың қабарсыз,
Рухы аш, қарынының тоқтығы.
Аллаһша емес, «меніңшесі» асқынған,
Дүлейлікпен дүниені ғана бақсынған,
Адамдағы надандықта озу бұл,
Құдайлықпен бір-біріне тапсынған.
Санадағы көптігі құл құдайдың,
Білмеулік тек құл құдай кім, Құдай кім.
Беріп,
Алып,
Бар,
Жоқ ете алатын,
Жүректе шын жоқтығы Анық Құдайдың!
«Олай емес, меніңше бұл былай» деп,
Айтпақ пенде жүрегінде Құдай жоқ.
Ал «Хақ рас, тек Хақтікі рас!» деп,
Хақ құл ғана айтар жүрген «Құдай» деп!
Сөйткен құлдың сенім гүлі бүрлемек,
Емес әсте адамы азып, кірлемек.
Сөйткен құлдың барлық істе бағы артып,
Күллі барға көзқарасы бірлемек.
Ашылмаған ақылының кеніші,
Бардың тағы рухани кемісі,
Һәм Хақ жайлы ойы басқа надандай
көп ойлық ол – ақымақтықтың жемісі.
2011.10.3