09.02.2022
  145


Автор: Құл-Керім Елемес

ТӘТТІ

Дүние-ай, шіркін, тәттіңді-ай!
Өмір ғып сүрдім тәттіңді-ай.
Тәтті деп сені сонда да,
Ойламапты екем тақ мұндай!
Дүние-ай, шіркін, тәттіңді-ай!
Тәтті деп сені тақ мұндай,
Ауыру жанды қыспаса,
Сезер ме ем қайдам тап мұндай?!
Дүние-ай, шіркін, тәттіңді-ай!
Болар ма ең тәтті тап мұндай?
Ауыру ажал сияқтап,
Тәттіңді тіпті таттым қай!
Сенен де өткен кең бар-ау...
Қимайтын сенің нең бар-ау?
Қымбатың сенің иманда,
Сезбеген соны ең қарау,
Көзді де көзсіз ең хар-ау!
Хақтауға хақты иман қап,
Сүрмеген сені имандап,
Тәттіңді өзіне у етер,
Сендегі тәтті сыйдан қап.
Дүние-ай, сенің тәттіңді-ай!
Тәттіңнен сезіп тәттімді-ай,
Тәттіңнен Тәттіме аттандым,
Тәттіңнен Тәттім – Хаққымдай!
Болса екен таза пактым қай,
Анадан туған аққымдай.
Ал, жаным, ал ұш Аллаһқа,
Қанатыңды ары қақ тынбай!
Кешірші, Аллаһ, кешірімді,
Надандық та еткен кесірімді?!
Білесің қылған не сырымды,
Кешіршы, Ием, кешірімді?!
2011.10.1





Пікір жазу