09.02.2022
100
ШАРТ
Біл, бауырым, нәпсіде ақыл болмайды,
Болса онда адам шайтанға еріп солмайды.
Әгәр анық нәпсіде ақыл болса ма,
Адам іші жамандыққа толмайды.
Нәпсіде ақыл болмағасын жан азбақ,
Хақ фарызы – бес уақыт намаз ғап,
Дүние ісін күйіттемек, нәпсіге
қызымет қып...
Ақиретке қамы аздап...
Сондықтан да нәпсіге ерген оңбайды,
Хақтан тайып қара басар ондайды.
Тек нәпсіні хақ иманмен қапысыз,
Нұрлағанды Аллаһ түбі оңдайды.
Сондықтан да нәпсіні адам қолға ап шарт,
Оны иманмен орнықтыру болмақ шарт.
Оны иманмен орнықтырып, тазартып,
Адам адам күйі нұрға толмақ шарт!
2011.9.29